Италия астанасы Римде WKF каратэден Премьер-лига турнирі аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Беделді додада Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде иеленіп, жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.
Софья Берульцева (+68 келі) турнирдің финалында ағылшын қызы Рошель Уолтерсті 2:1 есебімен жеңіп, қатарынан екінші Премьер-лигада топ жарды. Бұған дейін ол Стамбулда өткен жарыста алтын алған болатын.
61 келіде сынға түскен Әсел Қанай финалда жапон қызына жол беріп, күміс медальді қанағат тұтты.
Ал 18 жастағы Мирас Әбдіқадыр 60 келі салмақта қола жүлдегер атанды.
Қазақстан командасы Римдегі додада жалпыкомандалық есепте 3-орынға жайғасты.
1. Жапония (3 алтын, 2 күміс, 3 қола)
2. Италия (1 алтын, 1 күміс, 6 қола)
3. Қазақстан (1 алтын, 1 күміс және 1 қола)
