Польшаның Варшава қаласында дзюдодан ересектер арасында Еуропа кубогы аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы аталған турнирді 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады. Жалпы есепте біздің команда 5-сатыға тұрақтаған.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта үш қазақ балуаны жеңіс тұғырына көтерілді. Сұңғат Нұрлатұлы мен ТоқтарҮмітәлиев финалда кездесіп, Тоқтар жарыс жеңімпазы атанды.
Ал осы салмақта қола жүлде үшін белдесуде Асылхан Зинуллин польшалық спортшы Ксаверий Игнасякты жеңді.
Ел қоржынына екінші қоланы Камила Берліқаш салды. Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдескен ол кіші финалда Алессия Джиорданоны (Италия) жеңді.
Сондай-ақ, соңғы жарыс күнінде Айбол Нысанәлі (90 кг) қола медаль иеленді.
