Журналист әрі комментатор Лилиана Әлжанова мәнерлеп сырғанаудағы ішкі бәсекелестік пен көреалмаушылық жайлы айтты. Бұл туралы Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
«Мәнерлеп сырғанауда тек бізде ғана емес, әлем бойынша да бәсекелестік өте қатал. Бұл — өнермен астасқан спорт түрі. Мысалы, Мәскеудегі үлкен театрларда балет әртістерінің киетін пуанттарына әйнек салып жіберетін жағдайлар болған. Сол сияқты бұл жерде де конькиді бүлдіру секілді әрекеттер кездеседі», — деді Әлжанова.
Журналист мұндай көреалмаушылықтың спорт әлемінде жиі кездесетінін айтты.
«Бұл тек Қазақстанға тән емес, жалпы әлемде бар нәрсе. Тіпті, атақты бапкер Татьяна Тарасованың өзі мәнерлеп сырғанаудағы ортаны “кәдімгі серпентарий” деп сипаттаған», -деді ол.
Фото: Сали Сабиров
