Таиландта бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында Futures Cup турнирі мәресіне жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл сында бокстан Қазақстан жастар командасы бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша, Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын ерлер командасы 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдегерлер: Досжан Жұмахан (60 келі), Хамза Мақсатұлы (75 келі) және Бейбарыс Әшірбай (70 келі).
Күміс жүлдегерлер: Тимур Тайбеков (80 келі), Жалғас Өтебеков (90 келі), Владислав Саможонов (+90 келі).
Қола жүлдегер: Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі).
Қыздар арасында Айдана Убайдуллақызы (80 келі) топ жарды. Камила Оспанова (70 келі) күміс, Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) мен Зарина Толыбай (75 келі) қолаға қол жеткізді.
Жалпы есепте Қазақстан командасы екінші орында.
