Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің денсаулығына қатысты қауесеттерге бапкері Ғалымжан Жылгелдиев нүкте қойды, деп жазады Sportbugin.kz.
Айта кетелік, бұған дейін Сметовке ота жасалғаны туралы хабар тарады.
«Негізі, бұл шулататындай нәрсе емес. Жара шықты, соны дер кезінде алып тастады. Сәл кешіккенде қиын болатын еді. Қазір қорқынышты емес, бәрі артта қалды», — деді Жылгелдиев.
Бапкерінің айтуынша, Елдос 1-2 апта көлемінде жаттығуға қайта кіріседі.
