Еркін күрестен U15 Қазақстан чемпионатында топ жарған ақтөбелік Бейбарыс Түзелбаев жеңісін бапкерінің рухына арнады, деп жазады Sportbugin.kz.
57 келіде жеңіске жеткен спортш бүгінде Астанадағы спорт мектебінде білім алып жатыр. Былтырға дейін ол жеке бапкері Нұрбол Бердіғалиевтің жетекшілігімен жаттыққан.
Алайда, өткен жылы бапкері Нұрбол мезгілсіз қаза тауып, Бейбарыс Луис Қалиевтің қоластына ауысты. Тараз кілемінде қарсылас шыдаптаған жас балуандары жерлестері жылы қарсы алды.
Бейбарысқа ақшалай сыйлық, асыл тұқымды жылқы сыйға тартылды. Ал балуан болса, өзінің марқұм бапкері Нұрбол Бердіғалиевтің басына барып, құран бағыштады.
Еске салайық, күрестен U15 Қазақстан біріншілігі Таразда өтті. Ақтөбе облысының Байғанин ауданынан шыққан балуандар 27 жылдан соң алтын медаль алып отыр.
