Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келі салмақта Талғат Орынбасар қола жүлдегер атанды. Ол кіші финалда украиналық Артем Лесюктен басым түсті.
Бұл жас дзюдошы Талғаттың әлемдік Grand Slam турнирлерінде жеңіп алған екінші жүлдесі.
Бұған дейін ол 2025 жылғы Астанадағы Grand Slam турнирінде күміске қол жеткізген.
