Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты аяқталды. Елімізде өткен әлемдік сында Қазақстан құрамасы чемпион атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалда Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 9:2 есебімен жеңіп, алтын медаль алды. Күміс — Өзбекстан, қола — Ауғанстан құрамасының еншісінде.
Әлем чемпионатының жүлде қоры — 30 млн теңге. Чемпион атанған Қазақстан құрамасы 15 млн алса, Өзбекстн 7,5, Ауғантан 4,5, Ресей құрамасы 3 млн алды.
Бұл чемпионатқа 9 команда қатысқанымен, Түркия құрамасы жарыс жолына шыққан жоқ. Ал Қырғызстан құрамасы жарысқа келуден бас тартты.
Турнирдің өтетіні туралы ақпарат бір ай бұрын жарияланған.
