World Boxing ұйымы әр салмақтағы үздік боксшылар рейтингін анықтады. Олардың ішінде алты қазақ боксшысы көш бастап тұр, деп жазады Sportbugin.kz.
Атап айтар болсақ, төмендегі боксшыла бірінші орында тұр:
Санжар Тәшкенбай — 50 келі;
Махмұд Сабырхан — 55 келі;
Төрехан Сабырхан — 70 келі;
Айбек Оралбай — 90 келіден жоғары
Аида Әбікеева — 65 келі
Наталья Богданова — 70 келі.
Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай өз салмақтарында екінші орында.
Жалпы есебі рейтингке 30 қазақ боксшысы енген.
