Көркем гимнастикадан Грекияда өткен «Афродита кубогы» халықаралық турнирінде қазақстандық Ақмарал Ерекешева жарқын жеңісімен көзге түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
Ересектер қатарына енді ауысқан Ақмарал көпсайыс қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы атанды. Ол жалпы есепте 109,700 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.
Көпсайыс бойынша күміс жүлдені румыниялық Андреа Вердес (104,250), қоланы болгариялық Дара Стоянова (103,450) иеленген.
Сондай-ақ, Ақмарал жекелеген жаттығулар бойынша да бірнеше медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, ұршықпен жаттығуда алтын, доп бағдарламасында күміс жүлдеге қол жеткізді.
Тағы бір спортшымыз Айғаным Рысбек шығыршықпен жаттығуда алтын, доппен жаттығуда күміс медаль иеленді. Айым Мейіржанова ұршықпен өткен финалда қола медальді өз еншісіне жазды.
Топтық жаттығуда Қазақстан құрамасы 5 доппен орындалған бағдарламада алтын медаль иеленді.
