
Батыс Қазақстан облысында Ұлттық спорт күні аясында өткен мерекелік шарада аймақ әкімі Нариман Төреғалиев ұлттық ойындарға қатысып, асық атып, садақ атты, деп жазады Sportbugin.kz
Мерекелік алаңда ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлініп, қатысушылар мен көрермендер дәстүрлі ойындардың тартысты сәттеріне куә болды. Әсіресе, асық ату мен садақ атудан өткен бәсекелер көпшіліктің қызығушылығын арттырып, ұлттық спорттың маңызын айқындай түсті.
Іс-шара барысында гір көтеру, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату және дәстүрлі садақ ату сынды спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Бабалар ізімен» ұлттық спорт лигасының ресми ашылуы өтіп, командалар жеребе тартты.
Айта кетейік, бағдарлама аясында роботтар арасында ұлттық ойындар форматындағы «NatRoboCom» жарысы да өтіп, көрермен назарына ұсынылды.
