
Қазақстан құрамасы алдағы Азия чемпионатына қатысатын спортшыларды халықаралық турнирлер нәтижесіне қарай іріктейді, деп жазады Sportbugin.kz
«Bulgarian Open және Turkish Open осы екі турнирдің нәтижесіне қарап біз Азия чемпионатына команданы
жасақтаймыз. Мамыр айында өтетін Азия чемпионаты мен күзде өтетін
Азия ойындары осы жылдың негізгі жарыстары болып есептеледі. Одан бөлек бізде рейтингтік турнирлер бар. Олар 2028 жылы болатын Олимпиадаға ұпай жинағанға өте маңызды турнирлер. Ол турнирлерде де жүлде алуға тырысамыз», — деді бас бапкер Есбол Сұлтанов.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 19-25 мамыр аралығында Моңғолия елінде өтеді.
