
Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ересектер арасындағы Еуропа кубогі басталды.
Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz
-73 келі салмақта Данияр Шамшаев алтын медаль иегері, — 60 келіде Дамир Болатбеков күміс жүлдегер атанса,
+78 келіде өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола медальға ие болды.
Айта кетейік, жарыс алдағы күндері де жалғасады.
