
Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz
Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан құрлық біріншілігінің шешуші жарыс күнінде отандасымыз
Кирилл Курдиди ерлер арасындағы
1 шақырым қашықтықта топ жарды.
Ол бұл бәсекеде 59.915 секунд нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды.
Күміс медаль Қытай өкілі Хан Ксиеге (59.929 сек.) бұйырса, жапониялық Риото Ичида 1:00.614 уақытпен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұл Тагайтайдағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы алтын жүлде.
