
Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жарыс жолын бастады, деп жазады Sportbugin.kz
Бірінші болып шаршы алаңға шыққан әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов сәтті өнер көрсетті.
60 келі салмақтағы отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде Филиппин боксшысы Пол Джулифер Басконмен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Енді Оразбек Асылқұлов келесі кезеңде Жапония өкілі Шунсуке Китамотомен қолғап түйістіреді.
