
Қазақстандық семсерлесуші Нурмухаммед Жайлыбай ел тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Нурмухаммед Жайлыбай Бразилияда өткен әлем біріншілігінде қылыш (сабля) бойынша жеке сында қола медаль жеңіп алды.
Жарысты 1/64 финалдан бастап, Жапония, Венгрия, Сенегал, Ресей және АҚШ спортшыларын сенімді түрде жеңді.
Тек жартылай финалда Түркия өкілі, кейіннен чемпион атанған Фуркан Яманға жол берді.
Айта кетейік, бұл ел тарихындағы семсерлесуден аталған жас санатындағы әлем чемпионатының жеке жарыстарында алынған алғашқы медаль.
