
Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақ-өзбек боксшылары жартылай финал жолдамаларына таласады, деп жазады Sportbugin.kz
80 келі. Ерасыл Жақпеков пен Фазлиддин Еркинбоев.
Бұрын рингте жолдары түйіспеген. Еркинбоев 75 келі салмақта ересектер арасында әлем чемпионы, ал Жақпеков Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Алыптар айқасы. Айбек Оралбай мен Арман Маханов. Аса ауыр салмақтағы қос боксшы бұрын кездеспеген. Айбек әлем чемпионы болса, Арман әлем чемпионатының қатысушысы. Қос қазақ төртінші сәуірде кездесіп, жеңіске жеткені жартылай финалға жолдама алады.
