
Қазақстандық маман Артур Султангалиев шорт-тректен Түркия құрамасын әлемдік деңгейге шығарған бапкер ретінде танылып отыр, деп жазады Sportbugin.kz
Орал қаласының тумасы 12 жылдан бері Түркия командасымен жұмыс істеп,
ел тарихындағы алғашқы әлем чемпионатының жүлдегерін тәрбиеледі.
Спортшы ретінде мансабын жеңіл атлетикадан бастап, кейін шорт-трекке ауысқан Султангалиев 2005 жылы Қазақстан чемпионы атанған.
Ал бапкерлік жолында Түркия құрамасын жаңа деңгейге көтеріп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Айта кетейік, әлемдік деңгейдегі маман туған елге оралып, Қазақстан құрамасымен жұмыс істеуге қарсы емес екенін айтқанымен, әзірге оған ресми ұсыныс түспеген.
