
Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында аса ауыр салмақта бақ сынап жатқан 9 боксшының төртеуі қазақ жігіттері, деп жазады Sportbugin.kz
Атап айтқанда, Қазақстан құрамасының капитаны, әлем чемпионы Айбек Оралбайдан бөлек, Өзбекстан сапында Арман Маханов, Қытай атынан этникалық қазақ Данабек Байқоныс өнер көрсетуде.
Ал жарыс қожайындары — Моңғолия намысын Бекнұр Қали қорғап жатыр.
Бұл — аса ауыр салмақта қазақ боксшыларының деңгейі жоғары екенін көрсететін айқын дәлел. Бір салмақта бірден бірнеше қандасымыздың жүлдеге таласуы — жанкүйерлер үшін де үлкен қуаныш.
