
Азия чемпионатында 70 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Төрехан Сабырхан ширек финалда Тәжікстан боксшысы Шамшер Саидовтан басым түсті, деп жазады Sportbugin.kz
Үш раундқа созылған тартысты айқас 4:1 есебімен Төрехан Сабырханның пайдасына шешілді.
Осылайша, жастар арасында төрт дүркін Азия чемпионы, ал ересектер арасында әлем чемпионы құрлықтық додада жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан ерлер құрамасынан жартылай финалға жолдама алған алғашқы боксшы.
