
Юлия Галышева 2026 жылғы Олимпиадада трансгендер спортшымен бәсекелескенін мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz
Оның айтуынша, швециялық могулшы Элис Лундхольм екі маусым бойы әйелдер арасында өнер көрсетіп, тек Италиядағы Олимпиада кезінде оның трансгендер екені белгілі болған.
Галышева жарыс барысында қарсыласының физикалық артықшылығы байқалғанын айтып, мұндай жағдайды әділ бәсеке деп санамайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Халықаралық олимпиада комитеті 2028 жылдан бастап әйелдер жарысына тек генетикалық түрде расталған спортшыларды ғана қатыстыру туралы шешім қабылдады.
Дереккөз: «Дядя Ваня»
