
Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Санжар Ташкенбай күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп жазады Sportbugin.kz
Бас бапкер Насановтың жеке шәкірті саналатын Тәшкенбай үндістандық боксшы Вишванаш Сурешпен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған тартысты кездесуде төрешілер шешімімен (0:5) жеңіс қарсыласқа беріліп, қазақстандық боксшы жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, бүгін Ертуған Зейнуллинов, Айбек Оралбай және Валентина Хальзова шаршы алаңға шығады.
