
Ақмарал Ерекешева Францияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Қазақстан көркем гимнастика құрамасы Францияның Тье қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші кезеңіне қатысуда.
Аталған жарыста қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева үшінші орынға ие болды. Ол жеке көпсайыста 106,900 ұпай жинады.
Алтын жүлдені Беларусь өкілі Алина Горносько (112,200 ұпай) иеленсе, ресейлік Мария Борисова (110,350 ұпай) күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бұған дейін
Ақмарал Ерекешева Грекияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алған.
