Әлемдік дзюдоның аңызы Эцио Гамба Астанаға арнайы келді, деп жазады Sportbugin.kz.
Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған семинарда Эцио Гамба қазақстандық жаттықтырушылармен тәжірибе алмасып, заманауи дайындық әдістерін таныстыруда.
Екі күнге жоспарланған жиын теориялық және практикалық сабақтарды қамтып, ұлттық құраманың оқу-жаттығу жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Бұл семинар қазақстандық дзюдоның сапалық деңгейін арттыруға және алдағы ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде Азия ойындары мен Grand Slam турнирлеріне дайындықты күшейтуге бағытталған.
Айта кету керек, Гамба Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде ресми қызмет атқарғанымен, маман тұрақты түрде шетелде тұрып, команданы қашықтан басқарып келеді.
Ұлттық құрамамен күнделікті процесті оның сенімді өкілі Роберт Мшвидобадзе жүргізеді.
