
Ұланбатырдағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz
48 келіде өнер көрсеткен Әйгерім Сәттібаева өзбекстандық тәжірибелі спортшы Сабина Бобокуловамен қолғап түйістірді. Тартысты өткен кездесуде 3:2 есебімен отандасымыз жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Айта кетейік, Сәттібаева Азия чемпионатындағы жарқын жеңістердің бірін тіркеді. Оның қарсыласы осы салмақтағы басты фаворит саналған еді.
