
Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz
75 келі салмақта сынға түскен Сабыржан Аққалықов алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.
Отандасымыз Жапония елінің өкілі Тайга Ягимен кездесіп, 5:0 есебімен жеңді.
Енді ол Ұланбатырдағы бәсекеде медаль үшін күресін жалғастырады.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 22 жасқа дейін Азия чемпионатының жеңімпазы.
