
Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда, деп хабарлайды Sportbugin.kz
70 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген әлем чемпионы Төрехан Сабырхан финал жолдамасы үшін Қытай спортшысы Пейчанг Уангпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдық танытты. Осыдан кейін төреші екінші раундта айқасты мерзімінен бұрын тоқтатып, жеңісті Төрехан Сабырханға берді.
Осылайша, қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
