
Бішкек төрінде өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Евлоев жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz
97 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз ширек финалда жапониялық Юри Наказатомен күш сынасты.
Ислам айқын басымдық танытып, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде небәрі қысқа уақыт ішінде 8:0 есебімен жеңіске жетіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
