
Грек-рим күресінен Қырғызстан құрамасының басты жұлдызы саналатын
Ақжол Махмұдов құрлықтың 4 дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Ақжол финалды ирандық балуанды сенімді түрде жеңіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.
Айта кетейік, Махмұдов 2024 жылы Париж Олимпиадасында ширек финалға дейін жеткен. Қазақстандық балуан Демеу Жадыраевтан жеңіліп, нәтижесінде қола медальға ие болды.
