
50 келі салмақта Қазақстан құрамасының балуаны Марал Тәңірберген Азия чемпионатын сенімді бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Ширек финалда отандасымыз Тайпей өкілі Линь Юймен кездесіп, белдесу барысында толық басымдық көрсетті. Қорытынды есеп — 9:2.
Марал Тәңірберген жартылай финалға жолдама алып, Азия чемпионатында жүлде үшін күресін жалғастырады.
