
Әйелдер күресінен 76 келіде өнер көрсететін отандасымыз Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады Sportbugin.kz
Ширек финалда Үндістан елінің өкілі Кажал Кажалмен күресті. Кездесу тартысты өтті, екі балуан да әр ұпай үшін аянып қалмады. Белдесудің шешуші сәттерінде Еркебаева басымдық танытып, жеңіске жетті. Қорытынды есеп 4:3.
Енді Гүлмарал Еркебаева жүлде жолындағы күресін жалғастырады.
