
16-18 сәуір аралығында Қытайдың Ордос қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтеді, деп жазады Sportbugin.kz
Құрлықтық додаға 21 елден 200-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында жеті салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынады. Аталған біріншілікке қатысатын Қазақстан құрамасы:
Ерлер:
60 кг: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан
66 кг: Нұрқанат Серікбаев
73 кг: Есет Қуанов
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 кг: Айдар Арапов
100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамуров
Әйелдер:
48 кг: Диана Буркеева
57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева
63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева
70 кг: Ажар Асхат
78 кг: Аруна Жангельдина, Ақерке Рамазанова
+78 кг: Аида Тойшыбекова
