
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Грек-рим күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алматбек Аманбек финалда ирандық Мұхаммед Жавад Резаимен белдесіп, қарсыласын таза жеңіспен ұтты.
Осылайша, отандасымыз ел қоржынына чемпионаттағы алғашқы алтын медальді сыйлады.
