
Бішкекте өтіп жатқан құрлық біріншілігінде 82 келі салмақта өнер көрсеткен Ибрагим Магомадов қола медальға ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қола үшін белдесуде отандасымыз қытайлық Рую Люмен кездесіп, 5:3 есебімен жеңісті жұлып алды.
Еске салайық, санаулы сәттер бұрын 72 келіде Алматбек Аманбек чемпион атанып, Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлаған еді.
