
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен сынға түскен Ислам Евлоев қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Қола медаль үшін өткен белдесуде Евлоев оңтүстік кореялық Минхо Лимен кездесіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Осылайша, отандасымыз Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
