
Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатының қоласын еншіледі, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Әйелдер күресінен 76 келі салмақта сынға түскен Гүлмарал Еркебаева қола медаль үшін өткен белдесуде кореялық Хван Ын Джуды 5:1 есебімен жеңді.
Қола үшін күресте отандасымыз өз мықтылығын көрсетіп, басымдықты өз қолына ала білді.
Осылайша, Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленіп, үздік үштікке енді.
