
Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қырғызстандық спортшы Айпері Медетқызы 76 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Финалдық белдесуде қырғыз балуаны Моңғолия спортшысымен белдесті.
Медетқызы кездесу барысында есепте алда болды, алайда кездесудің аяқталуына 11 секунд қалғанда қарсыласы шабуыл жасап, 2 ұпай еншілеп, есепті 3:2-ге өзгертті.
Қорытынды есеп — 4:2.
Осылайша, Айпері Медетқызы өз елінде өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Айпері Медетқызы 2025 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен болатын.
