
Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатында
75 келіде өнер көрсететін боксшымыз Сабыржан Аққалықов жеңімпаз атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Өзбек боксшысы Жавохир Абдурахимовпен алтынды сарапқа салған Аққалықов алғашқы сәттен басымдықты өз қолына алды.
Нәтижесінде 5:0 есебімен өзбек боксшысынан басым түсті.
Айта кетейік, бұл Насанов баптайтын ерлер құрамасының Азия чемпионатындағы екінші алтын медальі.
