
Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан күміс жүлдеге ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келі салмақта өнер көрсеткен әлем чемпионы финалда Иордания өкілі Зейад Ишаишпен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте 5:0 есебімен Зейад Ишаиш жеңіске жетіп, Төрехан Сабырхан чемпиондық атағын қорғай алмады.
Айта кетейік, бокс мамандары, сарапшылары және қазақ жанкүйерлері Төреханды болашағынан зор үміт күттіретін талантты боксшы ретінде сипаттайтын, алайды бақ бүгін Иордания боксшысының жағында болды.
Төрехан Сабырхан бұған дейін жастар арасында бірде-бір рет жеңіліс көрмеген. Ал ересектер деңгейінде бұл оның алғашқы жеңілісі болды.
Осылайша, ағайынды Сабырхандар Азия чемпионатын қола және күміс жүлдемен аяқтады.
