
Оразбек Асылқұлов Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдегері, деп хабарлайды Sportbugin.kz
60 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Оразбек Асылқұлов финалда Үндістан өкілі Сачин Сачинмен қолғап түйістірді.
Бұған дейін 57 келіде өнер көрсеткен қазақ боксшысы жаңа салмақта да өзін жақсы қырынан танытты.
Тартысты өткен кездесудің соңғы раундында кездесуді өз қолына алып, жеңісті жұлып алды.
Қорытынды есеп — 3:2.
Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов 2025 жылы Дубайда өткен әлем чемпионатында да топ жарған болатын.
