
Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы алдағы әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде, деп жазады Sportbugin.kz.
Байрақты бәсеке 12-17 сәуір аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді. Дүбірлі додада ел намысын 20 жас спортшы қорғамақ.
Қазіргі таңда ұлттық құрама жаттығу жұмыстарын пысықтап, әрбір жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып жатыр.
Жастар арасындағы әлем чемпионаты — жас таеквондошылар үшін өз шеберлігін дәлелдеп, халықаралық аренада тәжірибе жинақтайтын маңызды мүмкіндік.
