
Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық балуан 92 келі салмақта жапониялық Такаши Ишигуромен өзара мықтыны анықтады. Қола медаль үшін болған белдесуде Азамат Дәулетбеков 6:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы.
