
Әлем кубогының алғашқы кезеңіне Қазақстан құрамасынан 16 боксшы қатысады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтетін бәсекедге 50-ден аса елден 400-ге жуық былғары қолғап шебері сынға түседі деп күтілуде.
Еліміздің намысын Нұржан Насанов жаттықтыратын ерлер құрамасынан 9 боксшы және Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасынан 7 спортшы қорғайды.
Айта кетерлігі, Қазақстан сапында бірден 4 әлем чемпионы бар. Олар — Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Аида Әбікеева және Наталья Богданова.
Жарысқа келесі боксшылар қатысады:
Ерлер
50 келі. Даниял Сәбит
55 келі. Бағлан Кенжебек
60 келі. Жансері Көшербаев
65 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
70 келі. Фарух Тоқтасынов
75 келі. Санжарәли Бегалиев
80 келі. Диас Молжігітов
85 келі. Сұлтан Айбарұлы
90 келі. Дәулет Төлемісов
Әйелдер
51 келі. Алуа Балқыбекова
54 келі. Назым Қызайбай
60 келі. Виктория Графеева
65 келі. Аида Әбікеева
70 келі. Наталья Богданова
80 келі. Жібек Жарасқызы
+80 келі. Валерия Аксенова
