8-10 мамыр күндері елордада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 әлемдік рейтингтік турнирі өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл — Қазақстанда төртінші рет ұйымдастырылып отырған ірі халықаралық дода. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы кешенінде өтеді. Үш күн бойы татамиге Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және әлемдік рейтинг көшбасшылары шығады.
Астанадағы бәсекеде Рио Олимпиадасының чемпионы Рафаэла Силва, италиялық Олимпиада чемпионы Фабио Базиле, Париж Олимпиадасының жеңімпазы Барбара Матич, үш дүркін әлем чемпионы Инал Тасоев сынды жұлдыздар өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юн-Вэй, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Уилльян Лима мен Мириам Буткерейт, сондай-ақ Қазақстан намысын қорғайтын Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев жанкүйерлер алдында бақ сынайды.
Бұл турнирдің маңызы зор: Халықаралық дзюдо федерациясы талаптарына сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары беріледі. Бұл ұпайлар 2028 жылы Лос-Анджелесқаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуға тікелей әсер етеді.
