Бақыт Сәрсекбаев бокс тарихындағы 150 ең үздік әуесқой боксшы тізіміне еніп, 142-орынды иеленді, деп жазады Sportbugin.kz.
Сарапшылар қазақстандық боксшының мансабының шарықтау кезеңі Қазақстан құрамасы сапында жартылай орта салмақтағы өнер көрсетуімен байланысты екенін атап өтті. Соның ішінде 2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары алтын медалі ерекше көрсетілді.
Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев — Олимпиада және Азия ойындарының жеңімпазы, үш дүркін Азия чемпионы. Қазір ол Қазақстан жастар құрамасының бапкері.
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері.
