Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі басталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алды.
Гимнастикалық ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов аралық екінші орынға тұрақтап, шешуші кезеңге өтті. Осы бағдарламада Роман Хегай іріктеуде жетінші орын алып, финалға шықты.
Нұртан Ыдырысов шығыршық жаттығуында финалда бақ сынайды. Қазақстандық гимнаст іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтаған.
Бүгін, 8 мамырда, жарыстың екінші іріктеу күні өтеді.
