Сербияда бокстан “Белград жеңімпазы” халықаралық турнирі өтіп жатыр. Аталған сынға қатысқан қазақ боксшысы Нұрсұлтан Шілдебай украиналық Александр Хижняктан нокаутпен ұтылды, деп жазады Sportbugin.kz.
80 келі салмақта жұдырықтасқан Нұрсұлтан украиналық боксшыға қауқар көрсете алмады. Жекпе-жектің екінші раундында Хижняк қазақ боксшысын үш рет нокдаунға жіберген соң, төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Александр Хижняк финалға жолдама алса, Нұрсұлтан Шілдебай жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетелік, Александр Хижняк Париж Олимпиадасының финалында қазақстандық Нұрбек Оралбайды жеңген болатын. Бүгінде Хижняк 80 келіге қайта оралса, Оралбай 90 келіге көтерілді.
