Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогында әйелдер күресінен 68 келі салмақта Жамилә Бақбергенова жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалдық белдесуде Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, төрт дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері Жамилә Бақбергенова мен 2018 жылғы Азия чемпионатының, 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері Ирина Казюлина кездесті.
Белдесудің алғашқы кезеңінде Бақбергенова қарсыласының аяғына екі мәрте сәтті өтіп, екі ұпайдан еншіледі.
Екінші кезеңде Казюлина есепті қысқартуға тырысқанымен, Жамилә басымдығын сақтап қалды. Ол бірнеше нәтижелі әдіс жасап, кейін партерде қарсыласын бірнеше мәрте накатқа түсіріп, финалдың тағдырын шешті.
