Атыраулық жанкүйер Райымбек Якуповқа әлемдік дзюдо ұйымы ерекше құрмет көрсетіп, арнайы кимоно сыйлады. Сонымен қатар оған «Үздік жанкүйер» атағы берілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл қуанышты жаңалықты Райымбек әлеуметтік желіде бөлісіп, дзюдоға 18 жылдан бері жанкүйер екенін айтты. Оның сөзінше, түрлі қиындықтарға қарамастан, спортқа деген махаббаты ешқашан бәсеңдемеген.
Сондай-ақ ол Елдос Сметовтің Олимпиада алтынына куә болған сәтін жанкүйерлік өміріндегі ең бақытты күндердің бірі деп атап өтті. Ал әлем чемпионы Максим Раковтың өз қолынан кимоно алып, «Үздік жанкүйер» атануын үлкен мәртебе екенін жеткізіп, ұлттық құрама мен федерацияға алғысын білдірді.
