Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның әкесі әрі бапкері Қанат Жолдасбаев балуанның әйгілі Абдулрашид Садулаевпен белдесуіне пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Біз бұл салмақтағы кіл мықтылардың бәрімен күресіп келеміз. Кайл Снайдерді де, Абдулрашид Садулаевты да жеңуге болады.
Ризабек биыл Садулаевпен күресті. Өзі күтпеген жерден кішкентай балалар жіберетін қателікке бой алдырды. Соның салдарынан ұтылды. Мұнымен жұмыс істейміз, әлі де жеңеміз мықтыларды», — деді Қанат Жолдасбаев.
Айта кетелік, Айтмұхан мен Садулаев Албанияда өткен рейтингілік турнирде белдесіп, қазақ балуаны 3:14 есебімен даңқты қарсыласына жол берді.
